USD
USD
USD

Шымкентте көкөніс қоймасын салу жоспарлануда

Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр.

Шымкентте көкөніс қоймасын салу жоспарлануда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ. Өткен аптада өткен инвестициялық штабтың отырысында жобаның таныстырылымы өтіп, өзекті мәселелері талқыланды.

Жоба ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады дейді. Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді.

Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек берілуін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана