USD
USD
USD

Шымкентте қызғалдақтар гүлдей бастады

Шымкент қаласының символыболған қызғалдақ гүл ашып, үшінші мегаполисті ажарландыра түсті.

Шымкентте қызғалдақтар гүлдей бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы, былтыр күзде қаладағы көшелер мен гүлзарларда 1 млн-нан аса қызғалдақ егілген болатын. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.

Мамандардың айтуынша, қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» болып есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы