USD
USD
USD

Шымкентте кибер-алаяқ сотталды

Шымкентте кибер-алаяқ бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте кибер-алаяқ сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай ауданының полициясына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, әлеуметтік желіде досы одан ақша сұрап хат жазып, қиын жағдайға тап болғанын және бірнеше күннен кейін барлық соманы қайтаратынын жеткізген. Ер адам ол көрсеткен шотқа ақша аударымын жасап, біраз уақыттан кейін досымен кездескенде онымен мүлдем хат алмаспағанын білген.

Аталған арыз бойынша қылмыстық істі тіркеген полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Бойжеткен тағы бір азаматтың сеніміне кіріп, дәл осындай жолмен ақша алғаны белгілі болды. Қаскүнем әлеуметтік желідегі құрбандарының парақшасын мұқият зерттеп, достарының атымен аккаунт ашқан. Қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін ол басқа адамдардың профилінен жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланып, жәбірленушілердің санасында ешқандай күмән қалдырмаған.

Осылайша, Абай АПБ-ның тергеушілері іс материалдарын барлық жинақталған айғақтармен бірге сотқа жіберді. Жас қыз ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты