USD
USD
USD

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы Полиция департаментіне жеке кәсіпкер бейтаныс екі азаматтың бопсалағаны туралы арызбен жүгінді. Оны күшпен қорқытқан ер адамдар жәбірленушіге тиесілі Toyota Camry 70 автокөлігін тартып алған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Аса ауыр қылмысты ашу мақсатында Шымкент қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде бірнеше күннің ішінде тергеушілер бопсалау жайтына қатысы бар күдіктілердің жеке басын анықтады. Екеуі де жергілікті қала тұрғындары, біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді. Ал сыбайласы қаладағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Олардан екі аңшылық пышақ, 160 оғымен пневматикалық тапанша, 21 оғымен АК-47 автоматы және Макаров тапаншасының қабын тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың қазан айының басында өздігінше билік ету арқылы тағы бір жәбірленушіге тиесілі Iphone 13 Pro Max ұялы телофонын алып қойып, қайтармай қойғанын анықтады. Бұл туралы арыз Еңбекші АПБ-да тіркелген. Жедел уәкілдер қылмыстық топтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер