USD
USD
USD

Шымкентте карантиндік шектеу жеңілдеді

 Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпандағы № 7 «Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы» қаулысы шықты. 

Шымкентте карантиндік шектеу жеңілдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеу қойылмайды. Тек, медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология кабинеттері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырылу қажет. Ұйымдар мен кеңселерге CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі.

Өнеркәсіп, коммуналдық теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі, құрылыс, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, байланыссыз қызметтер мен туристік компаниялар, бизнес орталықтары мен медициналық ұйымдар, музейлер мен кітапханалар, азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (алдын ала жазылумен), ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелерде де қалыпты режим сақталады. «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектеусіз жүргізіледі. Салтанатты, отбасылық, еске алу іс-шараларды (банкеттер, еске алу) өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар мен көрмелер, марафондар өткізу шектеусіз жүзеге асырылады. Сондай-ақ, олардың қатарында спорт кешендері мен спорттық сауықтыру орталықтары, ойын клубтары мен түнгі клубтар, караоке залдары, сауда орындары, бассендер бар.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік