Шымкентте карантин ұзарды
Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі биылғы 9 қарашаға дейін ұзартылды.
Алматы, NEGE. Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 24 қазандағы қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының жалғасуына байланысты қалада карантин және шектеу шаралары 9 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Өңірде адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады.
Сондай-ақ цирк, караоке, бильярд және компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық нысандардағы балалардың ойын алаңдары, батуттар, фудкорттар, мен букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат жоқ.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды
Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр
Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде
Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған