USD
USD
USD

Шымкентте Халықты жұмыспен қамту орталықтарында сақтық шаралары күшейтілді

Короновирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Халықты жұмыспен қамту орталығығимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Шымкентте Халықты жұмыспен қамту орталықтарында сақтық шаралары күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы көлемі 5341 шаршы метр аумақ дезинфекцияланған. Залалсыздандыру шаралары жұмыс күні аяқталған соң жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, басқармаға қарасты барлық коммуналдық мемлекеттік мекемелерде коронавирус індетінің белең алуына қарсы «Ашық» мобильді қосымшасы орнатылды. Халықтың қауіпсіздігі үшін қызметтерге өтінішті онлайн тапсыру да қолға алынған.

Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты өтініштер Egov.kz порталы арқылы қабылдануда. Ол үшін азаматтардың электронды цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болуы керек. «Халықты жұмыспен қамту орталықтарының» барлығында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады.

Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен түрлі мұқтаждықтарына қажеттіні алуға мүмкіндік беріп отыр. Оңалту құралдары 14 күнде және тегін жеткізіледі. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.