USD
USD
USD

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды

Ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген.

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Заңсыз келуші -2023» өңірлік операциясы кезінде Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлері Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетел азаматын ұстады. Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде, Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды.

Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында, ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда, шетелдіктен ешқандай қару табылмады. Қазіргі таңда, күдікті қамауда.

Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала