USD
USD
USD

Шымкентте газға қатысты сақтық шаралары күшейтіледі

Күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын газды пайдаланудың ережелерін білеміз бе? Газ толтырылған баллондарды жекеменшік үйлерде сақтау дұрыс па? Шымкент қаласында жауапты мекемелер қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың тапсырмасы негізінде, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкентте газға қатысты сақтық шаралары күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуде.

Қала аумағындағы тұрғындарды жаппай қамту мақсатында, газ техникалық инспекция бөлімі және аудан әкімдіктерімен бірлесе қоғамдық бірлестіктер және «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің 24 жас ерікті тартылды. Мобильді топ тұрғындар арасында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.

Аталған іс-шара жұмыстарын жүргізуге белсінділік танытқан жас еріктілерді Басқарма басшысы алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған - 192 780 абонент бар. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 85 243 абонент болса, жеке сектор бойынша 100 362 абонент. Ал өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша 363 абонент, тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша 6 812 абонент.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

жол апаты

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Жалған хабарлама

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

жол апаты

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

қаржы жымқыру