USD
USD
USD

Шымкентте газ толтыру компрессорлық станциясы ашылды

Шымкент қаласында метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте газ толтыру компрессорлық станциясы ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жобаны жүзеге асырған отандық инвестор – «АГНКС Қазақстан» ЖШС. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады Өндірістік компрессордың қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды. Бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Станцияда 18 адам тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек