USD
USD
USD

Шымкентте футбол жанкүйерлерінің арасында жанжал шықты

29 қазан күні сағат 17.30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында жас азаматтардың жиналғаны туралы хабарлама түсті.

Шымкентте футбол жанкүйерлерінің арасында жанжал шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) А.Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында ауызша жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты. 

Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары жоқ екенін айтты.         

 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов