USD
USD
USD

Шымкентте «FARABI OFFLINE: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде.

Шымкентте «FARABI OFFLINE: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиетін насихаттау мақсатында кітап кейіпкерлерінің шеруі, балалар ойындары мен байқаулар, ақын-жазушылардың кездесуі өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласында жаңадан ашылған отбасылық кітапхананың тұсаукесері ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді. Бұған қоса, ақын Нармахан Бегалы, Сарманбай Исақ, Сая Қасымбек сынды танымал жергілікті қаламгерлер қонақ болды.

Айта кетейік, жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысуда.

Жәрмеңке 28-29 мамыр күндері аралығында Арбатта өтеді.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері