USD
USD
USD

Шымкентте ер адамның мәйіті табылды

25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Полиция. 

Шымкентте ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді.

Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты