USD
USD
USD

Шымкентте ер адамнан 3 келі "синтетика" тәркіленді

Шымкент полицейлері есірткі өткізушіні құрықтады. Ер адамнан аса ірі мөлшерде "синтетика" тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте ер адамнан 3 келі "синтетика" тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізумен айналысып жүрген тұрғынды анықтады.

Полицейлер ​түнгі уақытта Абай ауданының аумағында 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Кинология орталығының қызметтік итінің көмегімен Toyota Camry көлігінің жүк салғышынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заттары бар скотчпен оралған үлкен пакет табылды. Сонымен қатар жүргізушінің телефонынан есірткі құралдары жасырылған орындардың координаттары анықталды.

Сараптама қорытындысымен, тәркіленген зат аса ірі мөлшерге жататын, салмағы 3 келі болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені дәлелденді. Ұсталған ер адам автокөлікті есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу мақсатында уақытша жалға алған. Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда осы жайт бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен 63 адам ұсталды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстанда пластикалық ота жасайтын клиникалар жаппай тексерілмек

тексеру

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем