USD
USD
USD

Шымкентте ер адам Үндістаннан келген студенттердің пәтер ақысын қайтармай қойған

Шымкент полицейлері Үндістаннан келген студенттердің пәтер ақысын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте ер адам Үндістаннан келген студенттердің пәтер ақысын қайтармай қойған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Туристерге қызмет көрсету бекетіне шетел азаматтары келіп, полициядан көмек сұрады. Олар Үндістаннан Шымкентке білім алуға келіпті. Оқу орнына жақын маңнан пәтер жалдау үшін бейтаныс адаммен сөз байласып, алдын ала 90 мың теңге төлем жасаған. Алайда үй иесі ақшаны алып, 2 күн бойы хабарсыз кеткен соң, студенттер тәртіп сақшыларынан көмек сұрауды шешкен.

Шетел азаматтарына полиция қызметкері Диана Есенгельдиева мен Айнұр Кульбаева қызмет көрсетті. Сақшы қыздар жалға беруші ер адаммен байланысқа шығып, оның бұл әрекеті дұрыс еместігін түсіндіріп, ақшаны заңды иелеріне қайтармаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік арқалайтынын ескерткен. Түсіндірме жұмыстарынан кейін жергілікті тұрғын орынсыз әрекеті үшін кешірім сұрап, алған ақшаны дер кезінде қайтарып берді. Ал үндістандықтар тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдірді.

Осыған байланысты Шымкент полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын пәтер жалдау кезінде аса мұқият болуға және үйдің кілтін қолға алмайынша бейтаныс адамдарға алдын ала ақша төлемеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала