USD
USD
USD

Шымкентте ер адам өз әйелінің ақшасын ұрлап кеткен

Шымкентте ер адам азаматтық некедегі әйелінің ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте ер адам өз әйелінің ақшасын ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 28 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында кешкі уақытта жұмыстан үйіне келген кезінде өзінің азаматтық некедегі күйеуі жинап жүрген 300 мың теңге қаржысын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.⠀

Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсын толықтай мойындады.

Заңсыз әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі кезде айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау