USD
USD
USD

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті

Оқиға туралы ақпаратты заңгер Евгений Яворский жариялады. Оның айтуынша, ер адам құзға өрмелеу аттракционынан құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.   Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне саябақтан ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам комада, жағдайы ауыр.

"Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғанын анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді.Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Шымкент қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

"2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер