USD
USD
USD

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталды ма?

Науқастарға қажет барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов мәлімдеді.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша пікір білдіріп, жергілікті дәрігерлердің COVID-19 індетіне қарсы жұмысына оң бағасын берді. Қазір шынында да қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы маңында бұрынғыдай қарбалас жоқ. Тіпті жедел жәрдем көлігінің тізіліп келіп жатқандығы да байқалмайды.

Қаланың бас дәрігерінің сөзіне сенсек, шаһардағы дәрі-дәрмек мәселесі де шешілген. Шымкентке дәрі тасымалдаушы ірі 10 компания қажетті препараттарды жеткізуде. Бірнеше айға жететін қор жиналған. Ал Ресейден тәжірибе алмасуға келген жоғары дәрежедегі дәрігер реаниматолог Денис Цветков әріптестерінің коронавируспен күресудегі жұмысын оң бағалады. Реаниматолог /Ресей/ Денис Цветков: "Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың станционарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұл тұрғыда барлығы дұрыс" деді.

Шымкентте СOVID-19 біріңғай ақпараттық порталы жұмыс жасауда. Ғаламтор ақылы веб порталдан қанша төсек орын бос екендігін білуге болады. Ал денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға егер қандай бір ауру симптомдары білінсе, өздігінен ем қолданбай, әуелі дәрігерден онлайн кеңес алу керектігін айтып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Бітіру кеші

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ҰБТ

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Жол жөндеу

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

блогер соты