USD
USD
USD

Шымкентте экспорт жөніндегі кеңес отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес отырысы қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен өтті.

Шымкентте экспорт жөніндегі кеңес отырысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онлайн форматта өткен жиынға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Атамекен» ҰКП мен аудан әкімдері, Шымкент қаласының 35 ірі экспорттаушы кәсіпорындары қатысты.

Отырыс барысында отандық өнімдер экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру мәселелері мен көлік шығындарын өтеу, экспорттаушыларды қолдаудың өзге де жайы талқыланды. Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.

Жалпы қалада машина жасау, металлургия, тамақ өнімдерін өндіретін, жеңіл өнеркәсібінде, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс істейтін 35 белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. Өткен жылы тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі 352,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Әкім орынбасары экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру қала өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.

Осы жылдың басынан «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығымен отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді веб-портал арқылы қабылдауды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша 29 өтінім келіп түскен.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек