USD
USD
USD

Шымкентте экскурсия жетекшілері мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсовод және қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар тренинг басталды.

Шымкентте экскурсия жетекшілері мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шараның басты мақсаты туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру болып табылады.

Арнайы семинарда халықаралық коуч-тренер Майра Рахымбекова – «TURAN» университетінің туризм және сервис кафедрасының доценті, АТУ жанындағы Қазақстан – Швейцария туризм және мейманхана бизнесі институтының директоры - Ғалия Өтебекова, сондай-ақ Түркия Республикасынан онлайн байланыс арқылы коуч-тренерлер Mustafa Kemal және Ceri Erdal өз біліктіліктерімен бөлісті.

Тәжірибелі мамандардың айтуынша аймақтың туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтердің жариялануына жалпы маркетинг бағытын қарқынды қолға алу қажет екендігін айта өтті.

Сан ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласының туристік әлеуетін жетілдіруде, отандық және шетелдік туристерге ақпарат жеткізуде экскурсия жетекшілері мен гидтердің рөлі ерекше. Себебі кәсіби гид-экскурсовод бұл туристерге алғашқы әсер қалдыратын тұлғаның бірі. Сондықтан семинарда - қаламызға келетін туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыруға басымдық берілді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек