USD
USD
USD

Шымкентте екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктермен кездесу өтті.

Шымкентте екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде осы жылдың жоспарлары мен екінші деңгейлі банктердегі жобаларды анықтап, арнайы пул әзірлеу талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердегі жобаларды сүйемелдеу бойынша Фронт офисте штаб құру мәселесі қаралды.

Айта кетсек, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша банктерде жалпы сомасы 74,7 млрд.теңгені құрайтын 292 жоба қаралуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша 49 млрд.теңгеге 277 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 25,7 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.