USD
USD
USD

Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойды

Шымкентте құтқарушылар электрлі еттартқыштан екі жасар баланың қолын шығарды. Сәби дереу жансақтау бөліміне жеткізілді

Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлады Шымкент ТЖД.

Алматы, NEGE. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушыларды жедел жәрдем қызметкерлері шақыртқан.

"Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы екі жасар баланың қолын электрлі еттартқыш шайнап тастағанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сәбденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Оң қолының көптеген жері сынған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД.

Ресми ақпаратқа сәйкес, баланың қолын механизмнен шығару үшін жедел әрекет ету бригадасы апатты-құтқару жабдығын пайдаланды. Ол кезде бала наркозда болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты