USD
USD
USD

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырды

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар штабынан мәлім етті.

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 сәуір күні (таңертеңгі 09.30-дағы мәлімет) Шымкент қаласында індет 11 адамнан анықталған болатын. «Науқастар 1956, 2004, 1978, 1981, 1977, 1992, 1967, 1946, 1969, 1968, 1979 жылдары туған Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынды. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», - делінген хабарламада.

Қалалық штабтың мәліметінше, ауру ошақтарында эпидзерттеу мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдайға байланысты қала аумағындағы Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы мен «Самал 2» шағынауданы, Тассай тұрғын алабы қауіпті ошақ ретінде тіркеуге алынды7

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.