USD
USD
USD

Шымкентте егу бекеттерінде бейнебақылау камералары орнатылды

Елімізде алғаш болып Шымкенттегі егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылды.

Шымкентте егу бекеттерінде бейнебақылау камералары орнатылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзінше, вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қалада 45 егу бекеті жұмыс істеуде. Одан бөлек 25 жылжымалы егу бекеттері бар.

«Шымкент қаласы бойынша бүгінде I компонентпен 291 074 адамға, ІІ компонентпен 175 775 адамға вакцинациялау жасалды. Халық арасында вакцинациялау жұмыстары туралы түрлі қауесеттер тарауда. Жұмыстарды басты назарға алып, бақылауды одан әрі күшейту үшін егу бекеттеріне камералар орнатылды» - деді Б. Позилов.

Айта кетейік, тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қосымша дайындалған стационарларда науқастарды қабылдау жұмыстары басталып кетті. Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек