USD
USD
USD

Шымкентте «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы өтті

«Донор бол, Өзгеге өмір сыйла!» Осындай атаумен Шымкент қаласында 24-28 мамыр күндері қан тапсыру донорлық акциясы өтті.

Шымкентте «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Birgemiz: Saulyq жалпыұлттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылған игі іске қала тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар, блогерлер, спортшылар мен өнерпаздар және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, волонтерлер сынды жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Қан орталығына келген донорлардың ең алдымен денсаулықтары толық тексеруден өткізілді. Олардын қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берілді.

Айта кетейік, донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс. Донациялау күндері қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күні бұрын донорларға: майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу, процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішу, процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау және процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова