Шымкентте діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз әкелген Өзбекстан азаматына айыппұл салынды
Шымкентте діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген Өзбекстан азаматына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Шымкент қаласының әуежайына “Шарм әл-Шейх – Шымкент” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін тексеруден өту кезінде Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталып, ұсталды.
Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 1200 брошюра мен 50 кітап табылып, тәркіленді. Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңына сәйкес, әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.
Қазір оқып жатыр
Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды
Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды
Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды
Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды