USD
USD
USD

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері түрмедегі жазасын өтеуші ер адам бостандықта жүргенде заңсыз атыс қаруын жасырғаны туралы шұғыл ақпарат алды.

Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде теміржол вокзалы маңындағы гараждардың жанында қазылған шұңқыр табылды. Ол жерден қапқа салынған, калибрлі қос ауызды кесілген тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеді. Ер адам, бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс