USD
USD
USD

Шымкентте дауылды желден зардап шеккендер жоқ

Қазгидрометтің бұған дейін берген мәліметтеріне сәйкес 6 маусым күні желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні туралы дауылды ескерту жарияланды.

Шымкентте дауылды желден зардап шеккендер жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол туралы тұрғындарға СМС хабарламалар, теле,радиоарналар арқылы хабарлама таратылған болатын. Шымкентте кешкі 18.30 шамасында екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін болатын дауылды жел соқты. Нәтижесінде 1 коммерциялық нысанның, 4 жеке меншік үйдің және 8 көп қабатты үйдің шатырлары ұшты. Ұшқан шатырлардың жалпы ауданы 585 шаршы метр. Сондай-ақ, ауданы 36 шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қаптама материалы, ағаштардың құлауы және үйлердің шатырының бұзылуы салдарынан 8 автокөлік зақымданды. Дауылды желдің салдарын жою үшін оқиға орындарында Шымкент қаласы ТЖД –ның 6 бірлік техникасы мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек