USD
USD
USD

Шымкентте бұрынғы әріптестерінің атына несие рәсімдеген азамат ұсталды

Шымкентте бұрынғы әріптестерінің атына 8,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте бұрынғы әріптестерінің атына несие рәсімдеген азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әл-Фараби аудандық полициясы жергілікті тұрғынның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғады.

Әйелдің айтуынша, танысы телефонын уақытша сұрап алып, оның атына 3,5 миллион теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген. Ал ол қарызы туралы банктен төлем жасау жөнінде хабарлама келгенде білген. Күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жеке секторда жалданып жұмыс істеген бұрынғы әріптестер болып шықты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер 33 жастағы күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Ер адам бұрынғы үш әріптесінің сенімін асыра пайдаланған. Олардың смартфондары арқылы алаяқ жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам несие алған.

Тергеушілер оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккендердің саны көп болуы мүмкін екенін атап өтті. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты