USD
USD
USD

Шымкентте бос жатқан 54,7 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен қарқынды жүргізілуде.

Шымкентте бос жатқан 54,7 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында орындалды.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі бар екен.

Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Жерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары заң аясында жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек