USD
USD
USD

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Шымкентте бір отбасының 5 адамы газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлады Оtyrar.kz.

 Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм болғандар ерлі-зайыптылар мен олардың 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалары.

Оқиға Ынтымақ-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үйде болған.

«2023 жылдың 27 қазанында Шымкент қаласындағы жеке үйлердің бірінде көмірқышқыл газынан улану белгілері бар 5 адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Газ мамандарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін қауіпсіздік бойынша жүргізілген рейдтік жұмыстар кезінде газ құрылғысы тексеріліп, бұл үй газбен қамту желісінен ажыратылған көрінеді. Алайда үй иесі көгілдір отынды өздігінен қосып алған екен.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.