USD
USD
USD

Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті

  Шымкентте қорадағы 16 қой өртеніп кетті.

Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2021 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 12:31-де Еңбекші ауданы Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған мекенжайдағы тұрғын үйге жапсыра салынған жалпы көлемі 100 шаршы метр қора толық жанып жатқандығын анықтады. Сонымен бірге қораның ішінде 400 дана сығымдалған шөп, 16 бас қой өртенген.

Өрт әрі қарай Орынбай ақын көшесіндегі жалпы аумағы 300 шаршы метрлік үйдің шатырына өтіп, көлемі 100 шаршы метр шатыры жанды. Өрт сағат 13:15-те оқшауланып, 14.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 30 қызметкері, 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен