USD
USD
USD

Шымкентте білім бөлімінің бас маманы ұсталды

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың білім бөлімінің бас маманына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Шымкентте білім бөлімінің бас маманы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алсаты, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігімен соталды тергеп-тексеруді бастады. Бұл дерек бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінген.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу дерегі анықталды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындаған. Ш.А-ға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Қазір оқып жатыр

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд