Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте бес қабатты үйде жарылыс болды

Шымкенттегі Нұрсәт мөлтекауданында бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. Оқиғаның салдарынан пәтер жалдап тұрып жатқан Ресей Федерациясының 63 жастағы азаматы дене жарақатын алып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Шымкентте бес қабатты үйде жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс таңғы сағат 06:27 шамасында үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болған. Салдарынан терезелер мен есіктер сынып, үй заттары мен жиһаздары жанып кеткен. Тұрғын үйдегі 4 адам қауіпсіз жерге шығарылып, тағы 6 адам құтқарылған. Сондай-ақ, жарылыс салдарынан көршілес орналасқан екі пәтердің терезелері, «Ауди» автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымдалған. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 29 жеке құрамы мен 6 техникасы, Апаттар медицина орталығы филиалының, жедел-құтқару жасағының 8 қызметкері мен 2 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған.

«Жалын таңғы сағат 06.42-де оқшауланып, сағат 07.20-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы көлемі 35 шаршы метр құраған. Газ шаруашылығы қызметінің алдын ала мәліметінше, жарылысқа газдың жиналуы себеп», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz