Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте бес баласы бар 35 жастағы ана үшем босанды

Шымкентте 35 жастағы әйел үшем босанды. Жаңа туған сәбилер мен босанған әйел қалалық перинаталдық орталықтан шығарылды.

Шымкентте бес баласы бар 35 жастағы ана үшем босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үшем - Айсұлтан, Әлия және София 24 сәуірде дүниеге келген. Гүлмира Юсупованың тағы бес баласы бар.

"Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Жүктілік мерзімі өте қиын болған жоқ, шағымданбаймын. Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын", - деп бөлісті Гүлмира.

Қазір сәбилердің жағдайы тұрақты. Айсұлтан, Әлия және София жүктіліктің 35-аптасында дүниеге келген. Туған кезде сәбилердің салмағы екі келіден асса, бойы 40-42 сантиметр болған. Гүлмира кесар тілігі арқылы босанған, ота оңай болған жоқ, деп еске алады дәрігерлер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример