USD
USD
USD

Шымкентте ер адам егде жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Бұл туралы “Не молчи” қоғамдық қоры мәлімдеді. Қазіргі таңда полиция департаментінің барлық жеке құрамы күдіктіні іздеуге жұмылдырылған.

Шымкентте ер адам  егде жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға туралы зардап шегушінің қызы айтып берді.

"2022 жылдың 5-желтоқсаны күні таңғы сағат 5-те белгісіз ер адам әкемді ұрып-соқты. Ер адам мас күйінде және агрессивті болды. Алдымен ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін кабинаның жанына құлап қалған. Ол құлап, біртүрлі дыбыстар шығарғаннан кейін әкем шығып, "Балам, қардың үстіне отырма” деп айтқан. Артынша ер адам “маған қай жерде отыруды үйретесің бе” деп әкеме жұдырық ала жүгірген. Әкем кабинканың есігін жауып үлгермепті. Ер адам оны ұрып-соғып, оны көшеге сүйреп апарып, жерге жатқызып, үстіне отырып, жұдырығымен басынан және бетінен ұра бастаған, содан кейін басынан және қабырғаларынан тепкен. Әкем есін жоғалтып алған, алайда ол ұруын тоқтатпаған”, – дейді жәбірленушінің қызы.

Зардап шеугіші көптеген жарақаттармен ауруханаға түскен.

Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі аталған факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич