USD
USD
USD

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

Биыл Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын.

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді.

Мекенжай бағдарламасында 1500 жалпы бақылау, 200 желілік учаскеге және жол қиылысына 100 камераны орнату жоспарланған болатын.

Бүгінде бағдарламаға сәйкес 1115 жалпы бақылау, 197 желілік учаскеге және 3 көше қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыстар жалғасуда.

Барлық камераларды бақылап отыру үшін деректерді өңдеу орталығы құрылды. Аталған жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталса, бейнебақылау камералары іске қосылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек