25 Шілде 14:49
...

Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті

Фото:

Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап кетіп, комаға түсті, деп хабарлайды Отырар.

Алматы, NEGE.  «23 шілде күні сағат 22.30-да жедел медициналық көмектен жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала қаңқа бассейніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бассейннің тереңдігі – 1,4 метр.
Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын үй алабында Сығанақ көшесінде болды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр. Аспирациялық синдром диагнозы қойылды. Мидың ісуі бар, комада жатыр", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Сондай-ақ, 24 шілдеге қараған түні жедел медициналық көмектен басқа балаға қатысты тағы хабарлама түскен.

«Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке құлап кеткен. Ол да шұғыл қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром)»,- делінген хабарламада.

Тегтер: