USD
USD
USD

Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 миллион теңге жымқырған

Шымкентте балабақша меңгерушісі 19,3 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Шымкентте балабақша меңгерушісі 19 миллион теңге жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәлімет енгізген.

"Заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілді. Ол "Балапан" бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған", - делінген хабарламада.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, мемлекетке келтірілген 19,3 миллион теңге залал толығымен өтелгені айтылды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев