USD
USD
USD

Шымкентте автобус өртеніп кетті

Шымкент-Арыс тасжолында жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды OTYRAR.

Шымкентте автобус өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оқиға 6 маусымда Шымкент-Арыс тасжолы бойында, Абай ауданы Алтын төбе тұрғын үй алабында болған. Шымкент-Қожатоғай бағытында келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусынан өрт шыққан. Жолаушылар өртенген автобустан секіріп түсуге мәжбүр болған. Өрттің шығу себебі белгісіз.

Өрт салдарынан автобустың 1974 жылғы жүргізуші зардап шеккен. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, бір жолаушы жарақат алған. Екеуі де Шымкенттегі гипербарикалық оксигенация орталығына жатқызылған. Зардап шеккендердің жағдайы орташа.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова