USD
USD
USD

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Жалпы халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және олардың бағалары басты назарда. Бұл бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солардың бірі әр аптаның сенбі күні Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі.

Жәрмеңкеге әдеттегідей Түркістан облысы мен Шымкент қаласының азық-түлік тауарларын өндіруші және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынды.

Жәрмеңкенің мақсаты-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде карантиндік талаптарды сақтай отырып құзырлы мекеме өкілдерімен кезекшілік жұмыстары, қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі, ветеринариялық талаптарды сақтау қатаң бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек