2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Шымкентте әуежайға баратын жолдың құрылысы жүруде

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысын көріп шықты. 

Шымкентте әуежайға баратын жолдың құрылысы жүруде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде  жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде  су өткізгіш құрылысы мен  темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда.
Жолдың сапасына баса мән беруді тапсырған қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес, кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды міндеттеді.
 Шымкентте халықаралық әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Ондағы жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қоса жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер