USD
USD
USD

Шымкенттегі атыстың мән-жайы анықталып жатыр

Шымкенттегі кафелердің бірінде жанжалдасқан екі топ арасында төбелес шықты, – деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Шымкенттегі атыстың мән-жайы анықталып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал шыққан. Оқиға барысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған.

Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 3-бабы "адам өлтіруге оқталу", "бұзақылық" және "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский