USD
USD
USD

Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды

Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әл-Фараби АПБ-ға қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан косметика дүкенінен парфюмерия ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Арызданушы екі тұтынушының сауда орнынан парфюмерия өнімдерін жасырын түрде алып кеткенін көрсетті. Сондай-ақ олар бұған дейін де үш рет осы дүкенге келіп ұрлық жасаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар – анасы мен қызы болып шықты. Жалған сатып алушылар сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытып, қымбат әтірлерді тез әрі байқатпай сөмкеге салып, артынша сауда нүктесінен кетуге асыққан. Қазіргі таңда, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу амалдары аяқталған соң қылмыстық іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс