USD
USD
USD

Шымкентте ардагерлер басылымдарға тегін жазылады

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.

Шымкентте ардагерлер басылымдарға тегін жазылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осы орайда 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 129 жалғызілікті қария бар.

Сонымен бірге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешімімен ардагерлер өздерінің сүйікті республикалық, облыстық және қалалық басылымдарына да тегін жазыла алады. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген. Газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі. Биыл Шымкентте 2500- ге жуық қарияны басылымдарға тегін жаздыру қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт