Шымкентте апалы-сіңлілер киім дүкенінде ұрлық жасаған
Шымкенттік апалы-сіңлілер киім дүкенінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен киім-кешектер ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Орта жастағы екі әйел сатып алушылардың кейпіне еніп, сауда нүктесінен балалар, ерлер және әйелдер киімдеріне толы екі сөмке алып шыққан. Оқиға орнына дереу жедел топ барды. Күдіктілер сауда орталығынан шығып үлгермеді.
Тәртіп сақшылары оларды бірден ұстады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеді. Жеңіл пайданы көздегендер туған әпкелі-сіңілі екені анықталды.
– Ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған тауарлар дүкенге қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді тергеуші Еген Елшібек.
Полиция қызметкері сауда орындарының иелері мен сатушыларын, әсіресе қарбалас уақытта, қолында үлкен сөмкелері бар келушілерге назар аударуға шақырды. Егер қызметкер бірдеңе дұрыс емес екенін байқаса, ол тұтынушыға жақындап, оған көмек қажет пе екенін сұрай алады.
Көбінесе, бұл іс-әрекет ұрлықты болдырмауға көмектеседі.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады