USD
USD
USD

Шымкентте анасының мазасын алған ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды

Шымкентте анасының мазасын алған ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте анасының мазасын алған ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының “102” арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, ұлы екеуінің арасында отбасылық жанжалдың жиілеп кеткен. Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген мекенжайға Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ж.Тасқұлова мен А.Төребай, сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Ұ.Тұрғынов барды.

Қазіргі таңда азаматшаның арызы бойынша ұлына қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Заңнама бойынша қорғау нұсқамасы бір ай мерзімге беріледі. Ол бойынша 30 тәулік ішінде жәбірленушінің қайта мазасын алып, тыныштығын бұзуға тиым салынады.

Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жанұя мүшелерінің зардап шегетінін айтты. Сондай-ақ оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.