USD
USD
USD

Шымкентте аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады

Шымкент қаласында жыл соңына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады.

Шымкентте аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Индустрияландыру картасы енген бұл жоба «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 145 жұмыс орнымен ашылатын бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылса, 19 млрд теңге көлеміндегі соманы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылды.

Жылдық қуаты 500 млн дана қалбыр банкалар шығаратын өндіріс орны еліміздегі шкі сұраныстың 65 пайызын қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, индустрияландыру картасы шеңберінде қаламызда биыл 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 40 млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 758 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде биылғы сегіз айда 5 жоба іске қосылып, 385 жаңа жұмыс орындары ашылған. Тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құраған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек