USD
USD
USD

Шымкентте алдағы жылдары мың орынды аурухана салынады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты.

Шымкентте алдағы жылдары мың орынды аурухана салынады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Бүгінде 36 медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары биыл күрделі жөндеуден өткізілген.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қаламызда фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді деп сенеміз.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау