USD
USD
USD

Шымкентте "Ақылды аялдама" пайда болды

Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасының негізінде «Теріскей» аялдамасында ерекше аялдама орнатылды. Пилоттық режимде жүзеге асырылып отырған «Ақылды аялдама» жобасы жеке инвестор қаражаты есебінен салынып отыр.

Шымкентте "Ақылды аялдама" пайда болды
Фото: NEGE.kz

«Ақылды аялдама» толығымен жабық, оның ішінде интернет, салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады. Аялдаманың басты қаңқасы, салқындатқыш, бейнекамера және сыртқы бетінде антивандалды экран орнатылған болса, бүгінде автобус машрутын көрсететін LED экранды орнату ісі жүргізіліп жатыр. Қажетті қондырғылар толығымен орнатылған соң халыққа қызмет көрсете бастайды.

Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, ақылды аялдамалардың санын арттыру жоспарлануда. Бұл аялдамалардың ерекшеліктері көп. Мәселен, сырттағы ауа температурасы -10 градус болған жағдайда жылу жүйесі бірден іске қосылады. Ал температура -20-дан төмендеген жағдайда қосымша желдеткіштері жұмыс істейді. Бәрі «Ақылды қала» жүйесіне қосылған. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.